15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №129 

260 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 28 қаңтар,Астана қаласы Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице -министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №129 бұйрығымен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібін белгілейді. 2. Ақпараттандырудың сервистік моделі Заңның 6-бабы 3) тармақшасымен бекітілетін ақпараттық-коммуникативтік технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі - БТ) және Заңның 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілетін «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес реттеледі. 3. Қағидалар мыналарға таралмайды: 1) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік құпиялаларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын, өндейтін және (немесе) беретін электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер және ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымдар; 2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік объектілерімен ықпалдастырылатын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электронды ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері және ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымы. 4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы жоба - (бұдан әрі - АКТ жоба) қаржыландыруы бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың өзге де көздерінен, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымның объектілерін (бұдан әрі – АКИ объектілері) құру, дамыту және қолдап отыру жөніндегі жұмыстардың экономикалық негізделген кешені. 2) ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет - ақпаратты өңдеу, сақтау, берудің есептеу ресурстарын орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымын жалдаушыға уақытша иелену мен пайдаланғанына төлем үшін беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет. 3) бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет – «электрондық үкіметтің» ақпарат­тық-коммуникативтік платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен сервистік бағдарламалық өнімдерді уақытша иелену және пайдалану үшін ақыға беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет; 4) платформаны жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасында орналастырылған технологиялық платформалар мен стандартты шешімдерді уақытша иелік ету және пайдалану үшін ақыға беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет; 5) мемлекеттік орган жанындағы сервистік бағдарламалық өнімді құру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) – сервистік бағдарламалық өнімді құруды ұйымдастыру үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ететін уәкілетті органмен құрылатын алқалы орган; 6) серіктес - ақпараттық-коммуникативтік қызметтерді құру және көрсету аясында ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; Осы Қағидаларда қолданылатын өзге түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Заңға сәйкес пайдаланылады. 5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымының операторымен (бұдан әрі – оператор) мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникативтік қызметтерді (бұдан әрі – АК-қызмет) көрсету АК-қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады, оны жасасудың талабы АК-қызметтерді ақпараттық-коммуникативтік қызметтер каталогына (бұдан әрі – Каталог) енгізу болып табылады. 2. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібі 1 параграф. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асырудың негізгі ережелері 6. Мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына (бұдан әрі – архитектура) сәйкес, немесе ол болмаған жағдайда, мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру немесе оңтайландырумен байланысты қажеттіліктер туралы мемлекеттік органның ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген сұратуына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Архитектураны әзірлеу, жүзеге асыруды сүйемелдеу мен дамыту Заңның 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін архитектураны әзірлеу, жүзеге асыруды сүйемелдеу мен дамыту ережелеріне (бұдан әрі - архитектураны әзірлеу, жүзеге асыруды сүйемелдеу мен дамыту ережелері) сәйкес жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік органның ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуі мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді ұсынумен байланысты ақпараттандыру саласындағы АКТ-жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. 9. АКТ-жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік орган архитектураға немесе ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарына сәйкес өз ақпараттық жүйелерін ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру және (немесе) платформаны жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу жолымен «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасына (бұдан әрі - «электрондық үкіметтің» АК-платформасы) көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту серіктестермен сервистік бағдарламалық өнімдерді, стандтартты шешімдерді құру арқылы ақпараттандырудың сервистік моделінің аясында және осы Қағидалардың 11 тармағына сәйкес оператормен мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді көрсетуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 10. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру мына тәртіппен жүзеге асыралады: 1) мемлекеттік органдардың АК-қызметтерге қажеттіліктерін анықтау; 2) АК-қызметтерді құруды ұйымдастыру, ол келесілерді қамтиды: ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша қызметті құру; платформаны жалға беру бойынша қызметті құру бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметті құру; 3) мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру. 2 параграф. Мемлекеттік органның АК-қызметтерге қажеттіліктерін анықтау 11. Мемлекеттік органның АК-қызметтерге қажеттілігі мен ақпараттандырудың сервистік моделі аясындағы мемлекеттік органдардың ағымдағы ақпараттық жүйелерін дамыту мүмкіндігі келесілердің барысында анықталады: 1) архитектураны әзірлеу мен дамыту 2) Уәкілетті орган мен «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторының (бұдан әрі – сервистік интегратор) архитектурасы жоқ мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру немесе оңтайландыру жайлы сұратуын қарау. 12. Қызметін автоматтандыру немесе оңтайландыру қажеттілігі болған жағдайда мемлекеттік орган кезекті қаржылық жылдың 11 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға оны іске асыру мүмкіндігін қарастыру үшін сұрату жолдайды. 13. Уәкілетті орган мемлекеттік органнан сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік органның қажеттілігін орындау қажеттігі мен мүмкіндігі туралы қорытындыны алу үшін сервистік интеграторға жолдайды. 14. Сервистік интегратор уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Талаптарға сәйкестігін қарайды, қорытынды әзірлейді және оған тиісті негіздемені қоса тіркейді. 15. Уәкілетті орган сервистік интегратордың қорытындысын алған күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның сұратуын оған тіркелген сервистік интегратордың қорытындысымен бірге мемлекеттік органның қажеттілігін іске асыру бойынша АКТ-жобасына бастама білдірудегі ұсынымдар мен ұсыныстарды алу үшін сарапшылық кеңеске жолдайды. 16. Уәкілетті орган сарапшылық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарын ескере отырып АКТ-жобасына бастама білдіруде оң немесе теріс шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы АКТ-жобасын іске асыру үшін сервистік интегратор мен операторды тартады. Теріс шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік орган атына бағытталған АКТ-жобасына бастама білдіруден уәжді бас тартуды әзірлейді және жолдайды. 3 параграф. АК-қызметін құруды ұйымдастыру 17. АК-қызметті құруды ұйымдастыруды АКИ объектілерімен байланысты АК-қызметтерін құру кезіндегі оператор, немесе өзге АК-қызметтер бойынша сервистік оператор келесі негізгі кезеңдерге сәйкес жүзеге асырады: 1) АК-қызметтерін құруға қажетті АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырманы әзірлеу; 2) АК-қызметтерін құруға қажетті АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырманы келісу; 3) АК-қызметтерін құруға қажетті АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырманы бекіту; 4) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру; 5) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді тестілеу; 6) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау; 7) АК-қызметті АК-қызметтерінің каталогына енгізу; 8) АК-қызметті пайдалануға енгізу. 18. АКИ объектілерімен байланысты АК-қызметтерін құру кезінде оператор немесе өзге АК-қызметтер бойынша сервистік интегратор уәкілетті органның АК-қызметті құру жөніндегі жұмыстарға бастама білдіру жайлы шешімді қабылдаған күннен жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде: 1) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді Жобалауға арналған тапсырманың жобасын әзірлейді; 2) АК-қызметтерін ұсынылуға жоспарланып жатқан мемлекеттік органдар мен қызметкерлер санын анықтайды; 3) Заңның 7 бабы 24) тармақшасына сәйкес бекітілетін АК-қызметтердің құнын есептеу әдістемесіне сәйкес АКИ объектісінің (объектілерінің) немесе сервистік бағдарламалық өнімнің жалға берудің шекті бағасын, сонымен қатар АК-қызметінің шекті бағасын есептеп шығарады. 19. АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға тапсырма келесі деректерді қамтуы тиіс: 1) АКИ объектісіне жалпы деректер (міндеті, мемлекеттік органдар мен қолданушылардың саны, электрондық ақпараттық ресурстың сыныбы, бағдарламалық қамтамасыз етудің сыныбы, тестілеуді бастаудың, сынау мен пайдалануға енгізудің жоспарлы мерзімдері); 2) АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді жалға берудің шекті құны; 3) АК-қызметтің шекті құны; 4) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өніммен автоматтандырылатын процестердің (кіші процестер мен функцияларының) тізбесі (қолданушы әрекеттерінің сипаттамасы, архитектураның аясында әзірленген процестер моделі); 5) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнім үшін қажетті қамтамасыз етуші функцияларының тізбесі; 6) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімді процестерді басқару мен қолданушылардың санын қосқанда мемлекеттік органның ерекшелігіне қарай күйіне келтіру мен бейімдеу бойынша талаптар; 7) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімде пайдалануға арналған деректер форматтары мен құрылымының сипаттамасы; 8) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өніммен пайдаланылатын платформаның сипаттамасы, оның ішінде деректермен алмасудың ережелері, регламенттері, бағдарламалық интерфейстер мен форматтар, жұмыс істеу режимдеріне қойылатын талаптар; 9) Бөгде АКИ объектілері немесе сервистік бағдарламалық өнімдермен ақпараттық өзара әрекеттесуге қойылатын талаптар, оның ішінде деректермен алмасудың ережелері, регламенттері, бағдарламалық интерфейстер мен форматтар, өнімділікке, сенімділікке және істен шығуға қарсы тұруға қойылатын талаптар; 10) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімнің өнімділігіне, сенімділігіне және істен шығуға қарсы тұруына қойылатын талаптар, өнімділік мониторингісінің жүйесімен өзара әрекеттесу интерфейсінің сипаттамасы; 11) АКИ объектісінің сыныбына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар мен оқиғаларға мониторинг жүргізу, бақылау мен журналға тіркеу жүйелерімен өзара әрекеттесу интерфейсінің сипаттамасы; 12) «Электрондық үкімет» АК-платформасының есептеп шығару ресурстарын пайдалануға шектеулер; 13) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімді қабылдау рәсіміне қойылатын шарттар мен талаптар, онсыз АКИ-дің пайдалануға қабылдануы мүмкін болмайтын шарттардың сипаттамасымен және шешімнің жұмысқа қабілеттілігі мен ұйымдастырушылық шарттарды бағалаудың жалпы тексеруші критерийлерін көрсетумен бірге, техникалық құжаттамаға қойылатын талаптар; 14) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың ақпаратттық жүйелерінің бастапқы кодтарын, сонымен қатар стандартты шешімдерді (компоненттер, сервистер, процестер, интеграциялар, қолданушының интерфейсі мен оның компоненттері) пайдаланудың мүмкіндігі; 15) әдістеменің сипаттамасы мен қолданушыларды оқыту мен әкімшілерді дайындау процесі мен материалдарына қойылатын талаптар; 16) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру кезіндегі коммуникациялар жоспары мен мен жауапкершілік матрицасы; 17) АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша қосымша талаптар мен шарттар; 20. Сервистік интегратор әдістеме мен нарықта іске асырылған АКТ-жобаларын талдаудың негізінде АК-қызметінің шекті құнын белгілейді. 21. Мүдделі ұйымдар (уәкілетті орган, тиісті саланың уәкілетті органы, оператор, мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі – МТҚ) мен сервистік интегратор, және бастамалау кезеңінде анықталған өзге де ұйымдар) ресми сұрату келіп түскен күннен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АКИ объектісі немесе сервистік бағдарламалық өнімді Жобалауға арналған тапсырманы келісуді жүргізеді. Мүдделі ұйымдардың АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырмасының жобасына ескертулері болған жағдайда сервистік интегратор немесе оператор жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде олардың жойылуын қамтамасыз етеді. 22. Жобалауға арналған тапсырманы мүдделі ұйымдар оң түрде келіскен жағдайда уәкілетті орган сұрату келіп түскен күннен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді Жобалауға арналған тапсырманы бекітеді. 23. АКИ объектілерімен байланысты АК-қызметтерін құру кезінде оператор, немесе өзге АК-қызметтер бойынша сервистік интегратор АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға бекітілген тапсырманы сервистік бағдарламалық өнімге қажеттілік жайлы хабарлама жарияланғанға дейін кемі 10 күн бұрын әлеуетті серіктестер танысуы үшін өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды. 24. АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сервистік интегратор немесе оператор жүзеге асырады. АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді дамыту АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша жобалауға тапсырмамен көзделген АКИ объектілеріне немесе сервистік бағдарламалық өнімді дамытуға қойылатын, оның ішінде функционалдық талаптар өзгерген жағдайда жүргізіледі, ол келесілермен туындаған: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі; 2) Архитектураның бекітілуі немесе дамуы. 25. АК-қызметтерді ұсыну мен АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді пайдалану процесінде оператор мемлекеттік органдардың объектілерді дамытудағы, оның ішінде мемлекеттік органның ұсыныстары бойынша қажеттіліктерін анықтайды және сервистік интеграторға сұрату жолдайды. Сервистік интегратор дамыту қажеттілігіне талдау жүргізеді және уәкілетті органға тиісті шешім қабылдау үшін АК-қызметін дамыту қажеттілігі жайлы сұрату жолдайды. 26. Уәкілетті орган сервистік интегратордың сұратуын он жұмыс күннен аспайтын мерзімде қарайды және АК-қызметін дамыту бойынша оң немесе теріс шешім қабылдайды. Сервистік интегратордың АК-қызметін дамыту жөніндегі сұратуы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша жобалауға арналған тапсырманы өзектендіру жөніндегі бюджетті жоспарлауды жүзеге асырады. 27. Уәкілетті органмен бекітілген мерзімдерде сервистік интегратор АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша жобалауға арналған тапсырманы өзектендіруді қамтамасыз етеді. 28. АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді дамытуды АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жалға алу жөнінде шарт жасасқан серіктес (серіктестер) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырмамен бекітілген талаптар мен шарттың талаптарына сәйкес өз есебінен жүзеге асырады. 29. Серіктес (серіктестер) АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді дамытудан бас тартқан жағдайда, оператор ол баламамен ауыстырылғанға немесе жаңасы іске қосылғанға дейін АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді пайдалануды жүзеге асырады. АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда серіктес (серіктестер) АКИ объектісі (объектілері) немесе сервистік бағдарламалық өніммен ауыстырылғанға дейін оны техникалық қолдауды жүзеге асырады. 30. Оператор мен серіктестің (серіктестердің) арасындағы АКИ объектісін (объектілерін) немесе сервистік бағдарламалық өнімді жалға беру туралы Шарт азаматтық заңнамамен көзделген тәртіппен тоқтатылады. 31. Шарт оператордың бастамасы бойынша келесі жағдайларда бұзылады: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты мемлекеттік органға АК-қызметін алу орындылығының жоқтығы; 2) серіктестің (серіктестердің) шарт бойынша міндеттемелерін лайықты орындамауы; 32. Сервистік интегратор архитектураны жүзеге асыру оператордан түскен АК-қызметтер каталогын өзектілендіру туралы ұсыныстар негізінде АК-қызметті АК-қызметтер каталогына енгізу немесе оны алып тастау қажеттілігі туралы сұратуды әзірлейді және уәкілетті органға жолдайды. Оператордың АК-қызметті АК-қызметтер каталогына енгізу жайлы ұсынысы оны жүзеге асырудан кейін келіп түседі. 33. АК-қызметті АК–қызметтер каталогына енгізу туралы сұрату салуға сервистік интегратор АК-қызметтің сипаттамасын және мемлекеттік орган үшін әдістемеге сәйкес АК-қызмет құнының есебін қоса тіркейді. 34. АК-қызметтің сипаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) АК-қызметтің түрі; 2) АК-қызметтің атауы; 3) АК-қызметті алу субъектілері; 4) АК-қызметтің тағайындалымы; 5) АК-қызметтің функционалдығы; 6) АК-қызметтің сапа индикаторлары (KPI). АК-қызметтің сипаттамасын мыналар береді: 1) ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру жөніндегі қызметтер бойынша - оператор; 2) платформа мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру жөніндегі қызметтер бойынша - сервистік интегратор оператормен бірлесіп. 35. Уәкілетті органға АК-қызметті АК–қызметтер каталогынан алып тастау туралы сұрату жіберген кезде сервистік интегратор алып тастаудың тиісті негіздемелерін қоса тіркейді. 36. Сервистік интегратордан сұрату келіп түскен күннен бастап уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оң немесе теріс шешім қабылдайды. 37. АК-қызметті АК-қызметтер каталогына енгізуден бас тартудың негіздері: 1) АК-қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкессіздігі; 2) АК-қызметтің құнын есептеудің әдістемеге сәйкессіздігі; 3) АК-қызметтің құнымен дәлелді және жойылмайтын келіспеушілігі болып табылады. 38. Сервистік интегратордың сұратуы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күннен аспайтын мерзімде АК-қызметтер каталогын бекіту туралы бұйрықты бекітеді және бекітілген АК-қызметтер каталогын қоса тіркеп, бұйрықтың көшірмесін сервистік интеграторға жолдайды. Теріс шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган сервистік интеграторға дәлелді бас тартуды жолдайды. 39. АҚ-қызметтер каталогын қолданыстағы АҚ-қызметтер бойынша жаңа шешімдер бөлігінде толықтыру әлеуетті серіктестің сервистік интеграторға ұсынысы бойынша және АК-қызметті құру бойынша барлық рәсім өткен соң жүргізіледі. 4 параграф. Ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша қызметті құру 40. Ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша қызметті құруды осы Қағидалардың 2 тарау 3 параграфына және осы параграфпен белгіленген ерекшеліктерге сәйкес оператор жүргізеді. 41. АК-қызметті жүзеге асыру үшін қажетті АКИ объектісін (объектілерін) құру бойынша жобалауға арналған тапсырманың әзірленуін оператор жүргізеді және оны сервистік интегратор және МТҚ-мен келіседі. 42. Оператор «электрондық үкіметтің» АК-инфрақұрылымын құру және оны технологиялық платформалармен, аппараттық-бағдарламалық кешендермен, телекоммуникация желілерімен, техникалық құралдар мен ақпараттық қауіпсіздіктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелермен, және ақпараттық жүйелермен толықтыру жолымен ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға жалға беру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру үшін техникалық жағдайларды жасайды. Оператор шарттық негізде АКИ қажетті объектілерін ұқру немесе жалға беру үшін серіктесті немесе серіктестерді тартады. 43. АКИ объектісін (объектілерін) құру нәтижелері бойынша оператор серіктес немесе серіктестермен бірлесіп АК-қызметті жобалауға арналған тапсырмаға сәйкестігіне тестілеу жүргізеді және тестілеу барысында анықталған ескертулердің жойылуын қамтамасыз етеді. 44. Оператор қажетті құжаттаманы әзірлейді және АКИ жаңа объектілерін есепке ала отырып «электрондық үкіметтің» АК-платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестациялау үшін МТҚ жүргізуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. МТҚ ескертулері болған жағдайда оператор МТҚ белгілеген мерзімдерде олардың жойылуын қамтамасыз етеді. 45. «Электрондық үкіметтің» АК-платформасын аттестациялау аяқталған соң оператор ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымды жалға беру жөніндегі қызметтің құнын әдістемеге сәйкес есептеп шығарады және оны уәкілетті органмен келіседі. 46. Ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымды жалға беру жөніндегі қызметтің құнын уәкілетті органмен келіскен соң оператор сервистік интеграторға құрылған АК-қызметті АК-қызметтер каталогына енгізу қажеттігі жайлы сұрату жолдайды. 5 параграф. Платформаны жалға беру бойынша қызметті құру 47. Платформаны жалға беру бойынша қызметті құруды осы Қағидалардың 2 тарау 3 параграфына және осы параграфпен белгіленген ерекшеліктерге сәйкес оператор жүргізеді. Оператор сервистік интеграторды АКИ объектісін (объектілерін) құру, дамыту бойынша жобаны басқаруға тартады. 48. АК-қызметті жүзеге асыру үшін қажетті АКИ объектісін (объектілерін) құру бойынша жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді сервистік интегратор жүзеге асырады және оны оператор және МТҚ-мен келіседі. 49. Оператор серіктесті (серіктестерді) тарту арқылы, технологиялық платформалар мен стандартты шешімдерді құру арқылы жобалауға арналған бекітілген тапсырмаға сәйкес платформаны жалға беру бойынша қызмет үшін қажетті АКИ объектісін (объектілерін) құрады. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасын дамыту үшін оператор өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымының объектілерін, оның ішінде стандартты шешімдерді тарта алады. Оператор платформаны жалға беру үшін қажетті АКИ объектісін (объектілерін) құруға техникалық жағдайларды қамтамасыз ету үшін серіктеске әзірлеу мен тестілеу ортасын ұсынады. 50. Платформаны жалға беру үшін қажетті АКИ объектісін (объектілерін) құру нәтижелері бойынша оператор серіктеспен (серіктестермен) және сервистік интегратормен бірлесіп АКИ объектісінің (объектілерінің) жобалауға арналған тапсырманың талаптарына сәйкестігіне тестілеуді жүргізеді және тестілеу барысында анықталған ескертулердің жойылуын қамтамасыз етеді. 51. Тестілеу аяқталған соң сервистік интегратор, серіктес (серіктестер) оператормен бірлесе отырып техникалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етеді. 52. «Электрондық үкіметтің» АК-платформасын аттестациялауды жүргізген және МТҚ ескертулері болған жағдайда сервистік интегратор, серіктес (серіктестер) мен оператор МТҚ белгілеген мерзімдерде олардың жойылуын қамтамасыз етеді. 53. Сынақтың нәтижелері бойынша оператор АКИ объектісін (объектілерін) пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және сервистік интегратор және серіктеспен (серіктестермен) бірлесе отырып уәкілетті органмен келісумен қоса платформаны жалға беру бойынша қызметтің құнын есептеп шығарады және АК-қызметін АК-қызметтерінің каталогына енгізу бастамашылық етеді. 6 параграф. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметті құру 54. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметті құруды сервистік интегратор сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеу үшін серіктестерді тарту арқылы ұйымдастырады. 55. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу: мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы; сервистік интегратормен сервистік бағдарламалық өнімді құруды ұйымдастыру арқылы жүргізілуі мүмкін. 56. Сервистік бағдарламалық өнімді құруды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 57. мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша жобалауға арналған тапсырма қажет етілмейді. 58. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметті құруға арналған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасының тұжырымдамасын қарау кезінде уәкілетті орган мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасының тұжырымдамасын Талаптарға, және болған жағдайда бекітілген архитектураға сәйкестігі бөлігінде қорытынды алу беру үшін сервистік интеграторға жолдайды. 59. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасының тұжырымдамасында мемлекеттік орган оператордың ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымы (бұдан әрі - АК-инфрақұрылымы) ресурстарының жоспарлы пайдалануын сипаттайды. 60. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты түзіледі. 61. Сервистік интегратормен сервистік бағдарламалық өнімді құруды ұйымдастыру осы Қағидалардың 2 тарау 3 параграфына және осы параграфпен белгіленген ерекшеліктерге сәйкес жүргізіледі. 62. Сервистік бағдарламалық өнімді құру бойынша жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді сервистік интегратор атқарады және оны оператормен, МТҚ-мен және саланың уәкілетті органымен, сонымен қатар қажет болған жағдайда өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келіседі. 63. Жобалауға арналған тапсырманы уәкілетті орган бекіткеннен кейін сервистік интегратор тиісті саланың уәкілетті органында комиссияны құруды ұйымдастырады. Комиссия құрамына уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының, сервистік интегратордың, оператордың, МТҚ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді. 64. Сервистік интегратор ережелер мен комиссия құрамы бекітілген күннен бастап он жұмыс күннен аспайтын мерзімде сервистік бағдарламалық өнімге қажеттілігі жөнінде әлеуетті серіктестер үшін хабарлама әзірлейді. 65. Сервистік интегратор сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырманы қоса тіркей отырып хабарламаны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында сілтемені қайталайды. 66. Әлеуетті серіктестер хабарлама жарияланған күннен бастап жиырма екі күннен аспайтын мерзімде сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге өтінім қалыптастырады және оны комиссияға жолдайды. 67. Комиссия әлеуетті серіктестерден келіп түскен өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіп түскен өтінімдердің сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу жөніндегі құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарайды және әлеуетті серіктестерді сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге жіберу жайындағы хаттаманы әзірлейді. 68. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға жіберілген әлеуетті серіктестер жобалауға арналған тапсырмада белгіленген мерзімде сервистік бағдарламалық өнімді әзірлейді немесе дамытады, сондай-ақ оған арналған қажетті техникалық құжаттаманы ұсынады. Сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеу кезінде әлеуетті серіктестер, егер бұл жобалауға арналған тапсырмада қаралған жағдайда, мемлекетті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың ақпаратттық жүйелерінің стандартты шешімдері мен бастапқы кодтарын ақпараттық жүйенің және (немесе) стандартты шешімнің меншік иесі мен әлеуетті серіктестің арасында осы бастапқы кодтар мен стандартты шешімдерді беру мен пайдалану мүмкіндігі жайлы келісім арқылы пайдалана алады. 69. Сервистік интегратор комиссия шешіміне сәйкес сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және тестілеу үшін, сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуге қатысуға жіберілген әлеуетті серіктестерге оператордың АК-инфрақұрылымына қолжетімділікті ұйымдастырады. Серіктестердің АК-инфрақұрылымына қолжетімділігі оператормен белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады. 70. Сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеу қорытындылары бойынша сервистік интегратор сервистік бағдарламалық өнімді тестілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады, ол: 1) әзірленген сервистік бағдарламалық өнімнің функционалды бөлігінің сервистік бағдарламалық өнімді құруды жобалауға арналған тапсырма талаптарына сәйкестігін тексеруді; 2) сервистік бағдарламалық өнімді жүктеме арқылы тестілеу және оның істен шығуға қарсы тұруына тестілеуді; 3) сервистік бағдарламалық өнімге техникалық құжаттаманың толықтығын және толымдылығын тексеруді қамтиды. Тестілеу сервистік интегратор әзірлеген тестілеу жоспарына сәйкес, оператордың әзірлеуге және тестілеуге арналған АК-инфрақұрылымында өткізіледі. 71. Жүктеме арқылы және функционалдық тестілеуден оң нәтижемен өткен жағдайда комиссия сервистік бағдарламалық өнімдердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізуге жіберу туралы хаттаманы әзірлейді. Сервистік интегратор үш күннен аспайтын мерзімде сервистік бағдарламалық өнімнің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізуге өтінімді МТҚ-ға бағыттайды. 72. Сервистік бағдарламалық өнімнің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынағы теріс нәтижемен аяқталған жағдайда, әлеуетті серіктес анықталған ескертулерді жояды және сервистік интегратор МТҚ-ға сервистік бағдарламалық өнімнің сынағын өткізуге екінші қайтара өтінім жібереді. 73. Комиссияның серіктесті немесе серіктестерді таңдау бойынша шешімі саланың уәкілетті органы мен сервистік интегратордың интернет-ресурстарында жарияланады. 74. Әлеуетті серіктеспен ұсынылған сервистік бағдарламалық өнімді жалға алу құны жобалауға арналған тапсырмада бекітілген сервистік бағдарламалық өнімді жалға алудың шекті құнынан аспауы тиіс. 75. Әлеуетті серіктес немесе серіктестер сервистік бағдарламалық өнімнің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан оң нәтижемен өткені жайлы актіні ұсынғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сервистік интегратор операторға сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырмамен анықталатын және сервистік бағдарламалық өнімнің төлқұжатын қамтитын техникалық құжаттама пакетін береді. 76. Оператор сервистік бағдарламалық өнімнің техникалық құжаттама пакетін алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде әдістеме және өзінің пайдаланудағы АК-инфрақұрылымды сүйемелдеу мен техникалық қызмет көрсетумен байланысты қызметтерінің құнын ескере отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметтің құнын есептеп шығарады. 77. Оператор сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырмада көзделген бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша қызметін енгізу күнінен кешікпейтін мерзімде серіктеспен немесе серіктестермен сервистік бағдарламалық өнімді жалға алу туралы шарт жасасады. 78. Егер сервистік бағдарламалық өнімді пайдалану кезінде сервистік бағдарламалық өнімнің жобалауға арналған тапсырмада анықталған сервистік бағдарламалық өнімнің функционалдығын өзгертпейтін кемшіліктерін жою қажеттілігі анықталған жағдайда, серіктес сервистік бағдарламалық өнімді жалға алу туралы шартқа сәйкес және оператормен келісе отырып қайтарымсыз негізде сервистік бағдарламалық өнімнің пысықтауын жүзеге асырады. 79. Егер хабарламаның әрекет ету мерзімінде әлеуетті серіктестерден бірде-бір өтінім түспеген жағдайда, сервистік интегратор тікелей келіссөздер арқылы әлеуетті серіктесті тартуға құқылы. 80. Әлеуетті серіктесті тікелей келіссөздер арқылы тарту келесі тәртіппен жүзеге асады: 1) бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушілерінің нарығын зерттеу мен сервистік интегратордың бағдарламалық қамтамасыз ету шешімдерінің нақты түрі бойынша әзірлеудегі тәжірибесі оңтайлы болып табылатын әлеуетті серіктесті таңдауы. 2) сервистік интегратор мен әлеуетті серіктестің арасында сервистік бағдарламалық өнімді құру жайлы шартты жасасу; 3) әлеуетті серіктеспен сервистік бағдарламаны әзірлеу және пайдалануға беру (осы Қағидалардың 66-76 тармақтары мен жобалауға арналған тапсырманың талаптарына сәйкес). 81. Сервистік бағдарламалық өнімнің қолданылуы тоқтаған жағдайда оператор АК-қызметтерді көрсетудің барысында жинақталған электрондық ақпараттық ресурстар деректерінің олардың меншік иесі (иеленуші) анықтаған орынға, немесе деректердің иеленушісіне табысталатын электронды тасымалдаушыға көшірілуін (жазылуын) қамтамасыз етеді. 8 параграф. Мемлекеттік органдарға АК-қызметтерді көрсету 82. Мемлекеттік орган АК-қызметтерді сатып алуға шығындарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәк